Компания Прорва кен орындары тобында газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосты. Жоба «Ембімұнайгаз» АҚ ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы қондырғының арқасында, ЕМГ АҚ газды алау етіп жағуды барынша азайтты. Қондырғыда қолданылатын газ тазалау технологиясы экологиялық зиянсыз, құрамында улы химикаттары жоқ, зиянды жанама қалдықтар қалыптастырмайды және күкіртті сутекті жоюдың өте жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
2017 жылы өткізілген қайырымдылық, спорттық және мәдени шаралар «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі – «Ембімұнайгаз», «Ембі», Компания, «ЕМГ» АҚ) 95-жылдығына арналды.
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Цифрлы кен орны» жобасы Ресейдегі мұнай-газ саласының ІТ-жобалары арасында үздік болып танылды. 2017 жылғы 14 қыркүйекте Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ., А.С. Попов атындағы Орталық байланыс мұражайында «Мұнай- газ саласындағы 10 үздік ІТ-жоба» ІХ Бүкілресейлік конкурсының марапаттау салтанаты өтті. Беделді қазылар алқасының бірауыздан қабылданған шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ жобасы «Цифрлы кен орны» номинациясында үздік болып танылды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері «Жыл адамы» жыл сайынғы жалпы қалалық конкурсында екі номинацияға лайық деп танылды. «Үздік өндірісші – 2017» номинациясында жеңімпаз болып «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі Дархан Жанабаев танылған. «Үздік жастар комитеті – 2017» номинациясының жеңімпаз болып ЕМГ АҚ Жас мамандар кеңесі танылған.
ЕМГ АҚ-да жаңа басшы сайланды. ЕМГ АҚ Директорлар Кеңесінің (бұдан әрі – ДК) шешімімен 2017 жылғы 24 сәуірден бастап Компанияның Басқарма төрағасы болып Әнуар Еркінұлы Жақсыбеков сайланды. Әнуар Еркінұлы мамандығы бойынша геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның геология департаментін басқарған, өз мамандығы бойынша үлкен тәжірибе жинақтаған. Компания басшысы қызметіне геологтың тағайындалуы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа активтер сатып алу есебінен ресурстық қорды нығайту қазіргі кезде ЕМГ АҚ үшін маңызды бағытқа айналғандығымен байланысты.
Компания полимерлердің сулы ерітінділерін жер қабатына айдау бойынша жобаны кеңейтеді. Полимерлердің сулы ерітінділері айдалатын тағы төрт ұңғыманы қосымша енгізу ағымдағы мұнай өндіру деңгейінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келешекте осы жобаның негізінде басқа ұқсас кен орындарында технологиялардың таралымын көбейту жоспарланып отыр.
ЕМГ АҚ-да жаңа басшы сайланды. ЕМГ АҚ Директорлар Кеңесінің (бұдан әрі – ДК) шешімімен 2017 жылғы 24 сәуірден бастап Компанияның Басқарма төрағасы болып Әнуар Еркінұлы Жақсыбеков сайланды. Әнуар Еркінұлы мамандығы бойынша геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның геология департаментін басқарған, өз мамандығы бойынша үлкен тәжірибе жинақтаған. Компания басшысы қызметіне геологтың тағайындалуы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа активтер сатып алу есебінен ресурстық қорды нығайту қазіргі кезде ЕМГ АҚ үшін маңызды бағытқа айналғандығымен байланысты.
Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне ҚҚС қайтару бойынша тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша 2017 жылдың екінші тоқсанында 4 033 млн теңге (12 986 мың АҚШ доллары) және төртінші тоқсанда 4 228 млн теңге (12 708 мың АҚШ доллары) көлемінде ҚҚС қайтарылуы туралы оң шешімнің қабылдануы едәуір әсер етті.
«Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы 25-ші мерейтойлық халықаралық көрмеге және «Мұнай және Газ» – KIOGE 2017 конференциясына қатысты.
Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ базасында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, ҚМГ БӨ) ауқымында мерейтойлық, бесінші «Жас маман күні» өтті. «Жас маман күні» барысында төрт секцияда жобалық жұмыстардың дәстүрлі конкурсы өтті: «Геология және кен орындарын барлау», «Мұнай мен газ өндіру техникасы және технологиясы», «Экономика» және «Өндірістік үдерісті, энергетика мен ТПАБЖ-ін жақсарту». Конкурсқа ҚМГ БӨ еншілес мекемелерден 39 жас қызметкер қатысты.