«Ембімұнайгаз» АҚ өз қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қазақстан Республикасы үшін мұнай мен газ өн-
діреді және еңбек пен экологияны қорғау бойынша көрсеткіштерді,
әлеуметтік жауапкершілікті және өңірдегі тұрақты дамуды жақсар-
та отырып, елдің экономикасына және акционердің мүддесінде өз
үлесін қосады.
Компания «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның еншілес кәсіпорны
болып табылады.
Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-
газ кен орындарын өңдеу, мұнай мен газ өндіру және дайындау.
Компания өндірілетін мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа шыға-
рады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі.
Экспортқа мұнай екі негізгі бағыт бойынша жеткізіледі: Каспий Құбыр
Консорциуымы (КҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбырлары
бойынша. Тауарлық газ Қазақстан Республикасының газ және газ-
бен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы – «ҚазТрансГаз» АҚ
арқылы сатылады.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен Атырау облысының
төрт ауданында орналасқан алты өндірістік құрылымдық бөлімшелер
кіреді: «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Жай-
ықмұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайэнерго»
басқармасы және «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен
комплектациялау» басқармасы (ӨТҚжЖК).
Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын өңдеу, мұнай мен газ өндіру және дайындау.
«Ембімұнайгаз» АҚ балансында А+В+С1 (геол/шығару) санаттары бойын- ша қалдық мұнай қорлары – 429 986 / 72 904 мың тонна немесе 35 млн тонна мұнайды (2P) қамтитын 43 кен орны бар. Кен орындары қорлары- ның орташа сарқылуы 70% құрайды. «Ембімұнайгаз» АҚ өз қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. Компания тарихының ресми санағы 1922 жылдан бері – Доссор және Мақат кен орындарын игеруге арналған «Ембімұнай» трестінің құрылған сәтінен басталады. 2012 жылғы 1 қазанда «Ембімұнайгаз» сегіз жыл бойы өндірістік филиал болғаннан кейін, акционерлік қоғамға қайта құрылды.
1. Пайдалылық Компания жұмысының ажырамас шарты ретінде.
2. Әлеуметтік тұрақтылық. Қызметкерлерді ағымдағы және жаңа жобаларда ұтымды үйлестіру арқылы Компания қызметкерлерінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
3. Экология. Жер қойнауын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту. Өндірісті өсіру барысында Компания экологияға жағымсыз әсерді азайтатын жаңа технологияларды ендіреді.
4. Энергиялық тиімділік. Жаңа және қолданыстағы жобалар бойынша технологияларды таңдау барысында Компания энергиялық тиімді технологиялардың қолданылуына басымдық береді.
5. Үдерістерді автоматтандыру. Еңбек өнімділігі мен өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру.