Директорлар кеңесі төрағасының жолдауы
pred1

ЕСҚАЗИЕВ

Құрманғазы Орынғазыұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

«Ембімұнайгаз» АҚ Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің негізін салушы және Атырау облысындағы қала құрушы кәсіпорын болып табылады.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің негізін салушы және Атырау облысындағы қала құрушы кәсіпорын болып табылады. Ғасырға таяу тарихының қалып- тасуы барысында дәстүрді ұстану, еңбек әулеті және өндірістік процеске жанашырлық қа- шан да Компанияның мықты тұстары қатарынан болды. Сондықтан «ҚазМұнайГаз» Бар- лау Өндіру» АҚ компаниялар тобында дәл осы «Ембі» кәсіпорнының жаңа жобаларды іске асырып, жаңа технологияларды ендіруде алғашқылар қатарында болуы әбден орынды.

«Ембі» мұнай базасында соңғы жылдары шығындарды оңтайландыру және өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру бойынша жобалар мақұлданып, бүгінде сәтті іске асырылу- да. Атап айтқанда, «Цифрлы кен орны» тұжырымдамасын ендіру, «материалдық-техника- лық қамсыздандыруды оңтайландыру, жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу, көлікпен қамтамасыз ету, бизнес-үдерістерді қолайландыру, екі жақты оқыту жүйесін ен- гізу, «газ» бағытын дамыту және т.б. Егер бұрын ембілік мамандардың назары жекелеген бағыттардың ыңғайсыз тұстарын анықтауға бағытталған болса, енді Компанияда жалпы қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2017  жылы Компания өндірістік бағдарламаны тиімді іске асырды. Атап айтқанда, өн- дірістік қызметті оңтайландыру мақсатында, Директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша 2016  жылдың соңынан бастап Компанияда келесі күнтізбелік жылға арналған тендер- лерді ерте өткізу тәжірибесі енгізілді. Жөндеулер саны және жаңа ұңғымаларды енгізу, бұрғылау жұмыстарының пайдалылығы, қызметкерлерді оқыту, экономикалық және қаржылық қызметтің тиімділігін арттыру және көптеген басқа да мәселелер бойынша ақпаратты талдау нәтижелеріне қатысты ДК ұсыныстары назарға алынды.

Бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесі мен топ-менеджменті басшылыққа алатын басты міндет  – акционерлермен қойылған бизнес-міндеттердің тиімді іске асырылуын және ғасырлық тарихы бар кәсіпорын ұжымының одан әрі өркендеуін қамтамасыз ету!

2017 жылы Компания 2,8 млн тоннадан астам мұнай және шамамен 200 млн кубометр газ өндірді.

Ғасырға таяу тарихына қарамастан, бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ геологиялық барлауды, мұнай-газ кен орындарын өңдеуді, мұнай мен газды өндіру және дайындауды жүзеге асыратын болашағы зор заманауи мұнай компаниясы болып табылады. 2017 жылы Компания 2,8 млн тоннадан астам мұнай және ша- мамен 200 млн кубометр газ өндірді.

Бүгінгі таңда бес мың адамнан астам қызметкерлері бар ұжы- мымыз үшін ресурстық қордың орнын толтыру мәселесі басым болып тұр. Оны шешу үшін, ембілік мамандары бүгінде геоло- гиялық барлау жұмыстарын белсенді әрі табысты жүргізіп, қор- ларды өсіру бойынша әртүрлі нұсқаларды қарастыруда.

Экологияның сақталуына қамқорлық ететін жауапты жер қой- науын пайдаланушы ретінде ЕМГ АҚ 2017 жылы ірі жобаны – Прорва кен орындары тобында қуаттылығы жылына 150 млн кубометр газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосты.

Жоба «Ембімұнайгаз» АҚ ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы қондырғының арқасында, газды алау етіп жағу көлемі барынша азайтылды.

Тауарлық газ енді коммерциялық негізде «Толқын» МӘК жет- кізіледі. Осыған ұқсас қондырғылар бірнеше жыл бойына біздің «Жайықмұнайгаз» МГӨБ (Исатай ауданы) және «Доссормұнай- газ» МГӨБ (Мақат ауданы) өндірістік құрылымдық бөлімше- лерінде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, ондағы кен орындарынан алынған газ жеңілдікті бағамен Атырау облысы- ның үш ауданына жеткізіледі.

pred1

ЖАҚСЫБЕКОВ

Әнуар Еркінұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы

«Ембімұнайгаз» АҚ балансындағы кен орындары негізінен сарқылған, бұл өндіруді қарқынданды- рудың озық технологияларын қолдану бойынша міндетті өте өзекті етеді. Ал қазіргі төмен бағалар кезеңі шығындарды азайту мәселесіне мұқият қа- рауға мәжбүрлейді. Сондықтан соңғы жылдары Компания жаңа технологиялар мен жобаларды белсенді ендіруде. Солардың бірі  – «Цифрлы кен орны» жобасын ерекше атап өтуге болады, бұл жоба 2016  жылы шағын Уаз кен орны негізін- де іске қосылып, жақсы нәтижелер беріп келеді. 2017 жылы цифрлы кен орнының тұжырымдама- сы Прорва кен орындары тобында табысты ен- гізілді. Ал ағымдағы 2018 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кен орындары тобында ендірілуде.

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Цифрлы кен орны» тұжы- рымдамасы ресейлік «Мұнай-газ саласындағы 10 үздік ІТ-жоба» конкурсында бірінші орын алып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы- на енгізілді.

Мұнай өндіруді цифрландырумен қатар, Компани- яда көлікпен қамтамасыз ету, материалдық-техни- калық қамсыздандыруды оңтайландыру, жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу бойынша жобалар барлық өндірістік құрылымдық бөлімше- лерде пилоттық режимде табысты іске асырылып, тираждалуда, бизнес-үдерістерді оңтайландыру жұмыстары өткізілуде.

Сонымен, қатар Компанияның топ-менеджменті таяудағы он жылға арналған Компанияның даму тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл соңғы жылдары көмірсутек шикізаты нарығында қалыптасқан үрдістермен, мыңдаған қызметкерлердің тағдыры үшін жау- апкершілікпен және бүгінде Компания алдында тұрған стратегиялық міндеттермен шартталады.

«Ембімұнайгаз» АҚ елдің экономикасын және Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады. 2012  жылы акци- онерлік қоғамға қайта құрылған сәтінен бастап 2018  жылғы 1 қаңтарға дейін Компания өңір ин- фрақұрылымын дамытуға шамамен 2,3 млрд тең- ге көлемінде қаражат бөлді, республикалық және жергілікті бюджеттерге салық түрінде 695,6 млрд теңге төледі және демеушілік пен қайырымдылық шараларына 2,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Мұнайгаз саласының білікті мамандарын дайын- дау бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындау аясында Компания 2015 жылдан бері екі жақты оқыту жобасын іске асырып келеді. 2015– 2017 жж. аралығында біздің өндірістік алаңдары- мызда Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің 69 түлегі тәжірибеден өтті. Арнайы тест сынағынан сәтті өт- кен 16-ы Компанияға жұмысқа орналастырылды.

Байқап отырғаныңыздай, бүгінде Компания ал- дында көптеген сын-тегеуріндер тұр және Ком- панияның топ-менеджменті мен мыңдаған қыз- меткерлер құрамы оларға қарсы тұру бағытында жүйелі әрі табысты жұмыс атқаруда. ЕМГ АҚ-да акционерлер қойған барлық бизнес-міндеттер жүзеге асырылып, ембілік қызметкерлерінің әл- ауқаты жақсарып, өндіріс көрсеткіші тұрақтанып, кәсіпорнымыздың даңқты тарихы жалғасын таба- тындығына сенімдіміз!