Корпоративтік басқару

Басқару құрылымы

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы басқару аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ

grafik

Директорлар кеңесі

«Ембімұнайгаз» АҚ Жалғыз акционерінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 10 шешімімен А.Т.Илеуовтың Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, Жалғыз акционердің өкілдері ретінде Есқази- ев Қ.О. (бас директор – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Басқарма Төрағасы), Жақсыбеков А.Е. («Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасы) сайланды. «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің 2017  жылғы 21 маусымдағы № 35 шешімінің негізінде Абдулгафа- ров Дастан Елемесовичтің «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Есқазиев Құрмангазы Орынгазыұлы сайланды. «Ембімұнайгаз» АҚ Жалғыз акционерінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 18 шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ Директор- лар кеңесінің сандық құрамы тоғыз адамға дейін ұлғайтылды және 2017 жылғы 29 тамыздан бастап Директорлар кеңесінің құрамына Тебериков Дамир Данильбекович (Жалғыз акционердің өкілі ретінде) сайланды.

Директорлар кеңесінің құрамы 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша

состав
Құрмангазы ЕСҚАЗИЕВ

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры (Басқарма Төрағасы)

В.И.  Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженері- геолог» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Балықшы барлау бұрғылауы басқармасының оператор-коллек- торы болып бастаған, кейін Тақырыптық партияның инженер-геологы, «Ем- бімұнай» ӨБ Тампонаждық кеңсесінің цементтеу бойынша операторы болып жұмыс істеген. 1991–1993  ж.ж.  – №1 Балықшы барлау бұрғылауы басқарма- сының бұрғылау экспедициясының геологы, 1993–1995 ж.ж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бұрғылау жұмыстарының Атырау басқармасының ОИТҚ геологы. 1995  – 2004 ж.ж. – бас геолог, Атырау қабаттардың мұнай беруін арттыру және ұңғыма- ларды күрделі жөндеу басқармасы (АҚМБАжҰКЖ) директорының орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ геология және мұнай-газ кен орындарын өңдеу департа- ментінің директоры. 2004–2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да директордың орынбасары, кейін геология және барлау департаментінің ди- ректоры болып жұмыс істеген. 2008–2015  жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, геология және перспек- тивті жобалар бойынша Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директор (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарған. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма Төрағасы). Ал 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры (Басқарма Төрағасы).

«ҚМГ» ҰК, РД «ҚМГ» БӨ, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдермен: «Қазақстан Консти- туциясына 20  жыл» медалімен (2015  жыл), «Қазақстан Республикасының тәу- елсіздігіне 25  жыл» медалімен (2016  жыл), «Құрмет» орденімен (2016  жыл), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» мерейтойлық ме- далімен (2017 жыл) марапатталған.

ҚР Құрметті жер қойнауын барлаушы, «ҚР көмірсутек әлеуетін ғылыми негіз- деу» тақырыбына арналған жұмыстар циклы үшін ғылым және техника сала- сындағы әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2015 жыл).

Геология-минералогия ғылымдарының докторы, 12-ден астам ғылыми еңбек- тердің авторы, «Геологическое строение и перспективы нефтегазоносности Северного и Среднего Каспия» кітабының бірлескен авторы.

состав
Дастан АБДУЛГАФАРОВ

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары

Абдулгафаров Дастан 2015  жылдың қаңтар айынан бастап экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарады.

Соңғы тағайындалуға дейін 2006  жылдың қыркүйек айынан бастап бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметінде жұмыс істеген. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломаттық академиясын «Халықаралық экономика және құқық» мамандығы бойынша аяқтаған.

AGIP Корпоративтік университетінде мұнай бизнесінің магистрі, сондай-ақ «Сколково» Мәскеу басқару мектебінің Executive MBA дәрежесін алған. «ҚазМұнайТеңіз» ХҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жұмыс істеген.

состав
Қуанышбай НҰРГАЛИЕВ

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өндіру және кен орындарын өңдеу жөніндегі басқарушы директор

Қуанышбай Нұргалиев ҚМГ БӨ кен орындарын өндіру және өңдеу жөніндегі басқарушы директоры қызметін 2015 жылдың желтоқсан айынан бері атқара- ды, бұрын ҚМГ БӨ өндіріс жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Әртүрлі жылдары «Урал Ойл энд Газ» ЖШС өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары, кен орындарын өңдеу департаментінің директоры, ҚМГ БӨ кен орындарын өңдеу бөлімінің бастығы қызметтерінде жұмыс істеген.

Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ-да («Өзенмұнайгаз» ПФ) бастап, онда мұнай және газ өндіру операторынан департамент директорына дейін өскен. Қ.Сәт- баев атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тау-кен инженері-мұнайшы» ма- мандығы бойынша және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен инженері-геофизик» мамандығы бойынша аяқтаған. Мәскеу қ. МИР- БИС институтының «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша іскер- лік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие.

состав
ШЕЙН Эндрю Дрейдер

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қаржы директоры – қаржы бақылаушысы

Шейн Дрейдер қаржы директоры – қаржы бақылаушысы қызметін 2014 жылдың тамыз айынан бастап атқарады. Ол дәл осы қызметті Компанияда 2007–2011 жыл- дары атқарған.

ҚМГ БӨ АҚ-на келер алдында Дрейдер Қазақстандағы «Делойт энд Туш» компа- ниясында қорлар жөніндегі серіктес ретінде жұмыс істеген. «Үлкен төрттікте» көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар ол әртүрлі елдердегі «Бритиш Аме- рикан Тобакко» компанияларында қаржы жөніндегі басшы, қаржы бақылаушысы, ішкі аудит және бизнес-тәуекелдер жөніндегі менеджер қызметінде жұмыс істе- ген. Калгари университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша аяқтаған.

Альберта Дипломды бухгалтерлер институтының мүшесі болып табылады.

состав
ЖАҚСЫБЕКОВ Әнуар Еркінұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы

№ 3 Байчунас орта мектебін аяқтағаннан кейін, 1982  жылы еңбек жолын «Қа- зақойл-Ембі» ААҚ «Доссорнефть» МГӨМ Байчунас кен орнында мұнай және газ өндіруші оператор болып бастаған. Армияда әскери міндетін атқарған соң, Қарсақ кен орнында мұнай және газ өндіру цехының операторы болып жұмысын жалғастырған. Кейін бұрғылау жұмыстарының Атырау басқармасында учаскелік геолог, жетекші геолог, «Қазақойл-Ембі» ААҚ-ның Мақат ауданы бойынша қабаттардың мұнай беруін арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу учаскесі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

1993 жылы Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін (Мәскеу қ.) «Геология және мұнай мен газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша аяқтаған.

1999 жылы «Қазақойл-Ембі» ААҚ «Мақатмұнай» МГӨМ бас геологы болып тағай- ындалған. 2000 жылы «Қазақойл» ҰК АҚ-на өндірісті басқару департаментінің бас инженері қызметіне шақырылған. Геология және өңдеу департаментінің бас ин- женері, менеджері, директорының орынбасары, геология департаментінің дирек- торы болып жұмыс істеген.

2004–2007 ж.ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геологиялық-технологиялық қызметтің гео- логия және геофизика департаментін басқарған. 2007–2009 ж.ж. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру блогының резервуарлары департаментінің директоры қызметін атқарған, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру блогының геоло- гия, геофизика департаментінің директоры болған.

2009–2013 ж.ж. – ҚМГ ҰК-нан «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-де геологиялық бар- лау бойынша менеджер, геологиялық барлау жұмыстары бойынша техникалық қосалқы комитеттің төрағасы. 2013 жылдың ақпан айынан бастап ҚМГ БӨ геоло- гия және өңдеу жөніндегі бас директордың орынбасары болып тағайындалған, геологиялық барлау жұмыстары бойынша техникалық комитеттің төрағасы, «Бар- лау активтері» ҚМГ БӨ Бақылау кеңесінің төрағасы. ҚМГ БӨ қатысуымен бірлескен кәсіпорындарға жетекшілік еткен: «Урал Ойл энд Газ» БК, «ФИОК» ҚХР ком- паниясымен, Венгер Республикасының «МОЛ» компаниясымен, «Карповский Северный» бірлескен кәсіпорнымен үлеске кірген.

2013 жылдың қазан айында «Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ перспективалық жобалар мен операциялық қызметі бойынша бас директордың орынбасары болып тағайындалған, Солтүстік Каспий жобасы- ның акционерлерінің консультациялық техникалық комитетінің мүшесі болған.

2015  жылдың қыркүйек айынан бастап  – «Ембімұнайгаз» АҚ жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі бас директордың орынбасары. 2017  жылғы 24 сәуірден бері Директорлар кеңесінің шешімімен «ЕМГ» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланған.

КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің құрмет грамотасымен; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрмет грамотасымен марапатталған, ҚР Энергетика және минерал- ды қорлар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің алғыс хатын алған; ҚР ЭМҚМ «Мақат кен орнына 90 жыл» құрмет белгісімен; ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Доссор кен орнына 100 жыл» құрмет белгісімен (2011 жыл); «Прорва кен орнына 50 жыл», ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушы» дипломымен және төс белгісімен (2012 жыл); ҚР Мұнай және газ министрлігінің «Қа- зақстан Республикасының мұнайгаз саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен (2014  ж.); ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ-на 95 жыл» мерейтойлық медалімен (2017 жыл) марапатталған.

состав
ТЕБЕРИКОВ Дамир Данильбекұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Өндірісті оңтайландыру департаменті директорының орынбасары

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Заңгер» («Халықаралық құқық») мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын «Каспий өнеркәсіптік-қаржылық топ – Трейд» ЖШС менеджері бо- лып бастаған. Кейін әртүрлі қызметтерде еңбек еткен: маман, бірлескен кәсіпорындарды басқару департаментінің менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департа- менттерінің орынбасары.

состав
ЕРТЛЕСОВА Жаннат Джургалиевна

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, «Қазақстан Сарапшысы» ЖШС директоры

Еңбек жолын ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті (Госплан) жанындағы Эко- номика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 1992  жылы осы институттың директорының орынба- сары болып тағайындалған. Кейін ҚР Экономика министрлігіне қаржы-несиелік саясат басқармасының бастығы қызметіне шақырылған.
1994  жылы  – ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары. ҚР Министрлер кабинеті және ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық реформалар орталығының басшысы, бірінші қаржы вице-министрі, «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан салық төлеушілері қа- уымдастығының басқарушы кеңесінің төрағасы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы- ның Басқарма төрағасының орынбасары және т.б. қызметтерде еңбек еткен. Қазіргі кезде «Сарапшы Қазақстан» ЖШС директоры қызметін атқарады.

состав
ҚУАНДЫҚОВ Балтабек Мұханұлы

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Еуразия халықаралық эконо- микалық академиясының корреспондент-мүшесі, Минералдық қорлар халықа- ралық академиясының академигі, Америка мұнайшы-геологтары қауымдастығының мүшесі.
«Гурьевмұнайгазгеология» бірлестігінің «Қазмұнайгазбарлау» геологиялық басқармасының мұнай барлау экспедициясының дала геологы, геологиялық бөлім бастығының орынбасары, геологиялық бөлім бастығы, бас геолог, ҚР гео- логия, энергетика және отын қорлары министрінің орынбасары, «Қазақстанка- спийшельф» АҚ, «ҚазақОйл» ТҰК ЖАҚ, «Нельсон Рисорсис Лимитед канадалық компаниясының президенті болып жұмыс істеген.
2006  жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін  – «Меридиан Петролеум» компаниясының президенті. 2009 жылдан бастап Қазақстан мұнайшы-геологта- ры қоғамының президенті болып табылады.

состав
УКРАСИН Игорь Александрович

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, «СБЕРБАНК (Швейцария) АГ» басқарушы директоры, корпоративтік-банк бөлімшесінің басшысы

1994–1996 жылдары – «Пепси-кола Интернэшнл» операциялық департаментінің сатуларды жоспарлау бөлімінің басшысы, 1998–2013 ж.ж. – «Креди тСвисс Секью- ритиз Лимитед» Еуропалық энергетикалық тобының инвестициялық-банк бөлім- шесінің басқарушы директоры, 2013–2015  ж.ж.  – «СБЕРБАНК КИБ» басқарушы директоры.

Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп

Директорлар кеңесінің комитеттері

Басқарманың жұмысы туралы есеп