Тәуекелдерді басқару

Компанияның тәуекелдерді басқару саласындағы стратегиясы тәуекелдерді дер кезін- де сәйкестендіру, бағалау және Компанияның тәуекел-тілегін ескере отырып, оларды проактивті басқару арқылы қол жеткізілетін бизнестің стратегиялық және оперативті тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.
Компаниядағы тәуекелдерді басқару жүйесі өзара байланысқан, бірыңғай үдеріске бірік- тірілген элементтер жинағы болып табылады, оның аясында Директорлар кеңесі, бас- шылық және қызметкерлер, әрқайсысы өз деңгейінде Компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін әлеуетті оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ қолайлы тәуекел/ тәуекел-тілек деңгейі шегінде осы оқиғаларды басқаруға қатысады. Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша рөлдер мен жауапкершіліктің үлестірілуі (Директорлар кеңесі, басшылық, қызметкерлер) Компанияның тәуекелдерді басқару саясатында бекітіледі.

Тәуекелдерді басқару Компанияның басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісі мен операциялық қызметті қолдайтын құрал ретінде қолданылады.

Тәуекелдерді басқару үдерісі стратегиялық жоспарлау, өндірістік және бюджеттік жоспар- лау үдерістерімен, инвестициялық қызметпен және уәждеу жүйесімен өзара тікелей бай- ланысқан және ықпалдастырылған.

Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесі мұнай-газ өндіретін басқармалардың (МГӨБ) және «Ембімұнайгаз» АҚ өзге қосалқы басқармаларының тәуекелдер портфелін еске- ре отырып жұмыс істейді және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ тәуекелдерін басқару жүйесімен ықпалдасады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамында қойылған міндеттердің орындалуын бақылау жүйесі, өткізілетін шаралардың тиімділігін бағалау үдерісі, тәуекелдер портфелінің талда- уы ескерілген шешім қабылдау жүйесі қамтылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің міндеттері төмендегідей:
• стратегиялық және операциялық мақсаттарға жетуге қауіп төндіретін тәуекелдердің пайда болуының алдын алу;
• осындай тәуекелдер пайда болған жағдайда, олардың әсерін қолайлы деңгейге дейін азайту;
• күтпеген жағдайларға тиімді жауап қайтару және оларды басқару;
• корпоративтік басқару және тиімді бақылаушы ішкі ортаны қамтамасыз ету жалпы үдерісінің бір бөлігі болып табылатын тәуекелдерді жүйелі басқару үдерісін қолдау.

Компанияда тәуекелдерді басқару үдерісі тұрақты, циклдік (үздіксіз) және жан-жақты бо- лып бөлінеді.

Тәуекелдерді басқару үдерісі төмендегідей құрамдас бөліктерден құралады:
• мақсат қою;
• тәуекелдерді сәйкестендіру;
• тәуекелдерді бағалау;
• тәуекелдерді бақылау және басқару;
• мониторинг;
• есептілік.